VMware

VMware

VMware — кәсіпорын масштабындағы есептеу жүйелері үшін виртуалды инфрақұрылымды құру бойынша бағдарламалық жасақтама саласындағы жаһандық көшбасшы.
VMware 1998 жылы құрылған және серверлерді біріктіру, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және сынау, бұзылуға тұрақтылықты қамтамасыз ету және жоғары қолжетімділік жүйелерін құру үшін бағдарламалық шешімдердің жетекші әзірлеушісі болып табылады.

Әлемдегі ең ірі компаниялар VMware шешімдерін өздерінің АТ-инфрақұрылымын жеңілдету, АТ инвестицияларының тиімділігін арттыру және бизнестің құбылмалы талаптарына жедел жауап беру үшін пайдаланады.

Соңғы 20 жылда VMware шағын пәтерде қызмет ететін бес техниктен корпоративтік деңгейдегі инновациялық бағдарламалық жасақтаманың жетекші жеткізушісіне айналды. Қазіргі уақытта компанияның есептеу ресурстары, бұлттар, мобильді құрылғылар, желілер және қауіпсіздік шешімдері бүкіл әлем бойынша 500 000-нан астам тұтынушы үшін АТ-ортасының динамикалық және тиімді цифрлық негізі ретінде қызмет етеді.