Acer

Acer

Компьютерлік техника және электрониканы шығаратын Тайвань компаниясы. Acer мониторларды, шоғырлағыштарды, коммуникаторларды, диск жетектерін, желілік карталарды, үстел компьютерлерін, пернетақталарды, жедел жадты, ноутбуктерді, проекторларды әзірлейді және шығарады.

Acer Group 1976 жылы Стен Ши (Stan Shih) негізін қалаған Mulitech International шағын компьютерлік компаниясынан бастау алады. 80 жылдардың басында жақсы өнімділігі мен қолайлы сапасы бар қымбат емес компьютерлер өндірісі болып табылатын компанияның негізгі қағидасы құрылды және ол әлі күнге дейін қолданылып келеді.  

Бүгінгі күні Acer Group компаниясына төрт бренд тиесілі Acer өзі, сондай-ақ Packard Bell, Gateway және eMachines. 2008 жылы компания смартфондар нарығына шықты — e-TEN компаниясы сатып алынды.

Қазақстанда «Comportal» компаниясы Acer компаниясының мониторлар, проекторлар, моноблоктар, ноутбуктер, планшеттер сияқты келесі өнімдерін ұсынады.